• Біздің парақшалар:

Тим Бертонның "Дамбо" картинасының алғашқы трейлері шықты

Тим Бертонның "Дамбо" ("Dumbo") отбасылық фэнтезиінің алғашқы тизер трейлері жарық көрді. Бұл Disney студиясының 1941 жылғы анимациялық туындысының көркем кино форматындағы ремейкі.

Сюжетте цирк импресариосы Марк Медичи бұрынғы цирк жұлдызы Холт Фэрриерді және оның балалары Милли мен Джоны жаңа туған піл баласына тәрбиеші қылып тағайындайды. Пілдің шамадан тыс үлкен құлағы болады, осыған бола адамдардың мазағына көп ілігеді. Алайда Дамбо ұшатын қабілетін көрсеткеннен кейін, цирк иесі пілдің ерекше қабілетін өз пайдасына асырмақ болады. Вэндевер есімді кәсіпкер жануарды "Ертегі әлем" деген өзінің ойын-сауық орталығының басты жұлдызына айналдырмақшы.

Негізгі рөлдерде - Дэнни ДеВитоКолин ФарреллМайкл КитонЕва ГринАлан Аркин. Премьерасы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Орысша дубляждалған трейлері

Пікірлер