• Біздің парақшалар:

"Крид ІІ" фильмінің трейлері шықты

Рокки туралы франшизаның мұрагері саналатын "Крид ІІ" ("Creed II") фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді. Бұл 2015 жылғы "Крид" фильмінің жалғасы.

Алғашқы фильмде Адонис Крид ең маңызды қарсыласын жеңген еді. Енді оны тағы бір үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Бұл жолғы қарсыласы - 1980 жылдары әкесі Аполлоны рингте өлтірген Иван Драгоның ұлы Витор болмақ.

Сиквелдің режиссері - кіші Стивен Кейпл. Бұл оның екінші толықметр жұмысы. Осыған дейін "The Land" деген картинасын ұсынған еді. Басты рөлдерде - Сильвестр СталлонеМайкл Б. ДжорданТесса ТомпсонДольф ЛундгренФлориан Мунтеану.

"Крид ІІ" фильмінің әлемдік премьерасы биыл 21 қарашаға белгіленген. Ал Қазақстанда 2019 жылы қаңтарда көрсетілуі тиіс.

Ресми трейлер:

Пікірлер