• Біздің парақшалар:

XIV «Еуразия» жеңімпаздары белгілі болды

2018 жылдың 6 шілдесінде «Қазақстан» орталық концерт залында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Биыл кинофестивальдің құрметті қонақтарының қатарында әйгілі француз актёрі Венсан Кассель, сербиялық кинорежиссёр және кино актері Эмир Кустурица, «Айка» фильміндегі рөлі үшін 71 Канн кинофестивалінің «Ең үздік актриса» сыйлығын иеленген Самал Есләмова, ресейлік театр және кино актрисасы Равшана Куркова, ресейлік театр және кино режиссері Сергей Пускепалис мен Анна Меликян, өзге де кино жұлдыздар, халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, Еуропа, Азия, Африка, Америкадағы кино саласының белгілі сарапшылары мен сыншылары, мәдениет қайраткерлері болды.

Шара аясында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаз фильмдерінің көрсетілімдері болды.

XIV «Еуразия» ХКФ-нің жеңімпаздары:

Негізгі конкурс:

  1. ГРАН-ПРИ –реж. М. Гарель Вайстың (Франция) «Сауық кеші аяқталды» фильмі;
  2. ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫС – Милко Лазаров, «Ага» фильмі (Болгария, Германия, Франция);
  3. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫ – реж. Мария Хатчанидің (Грузия) «Ана» («Деде») фильмі,
  4. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫ – реж. Хидже Джонгтің (Оңтүстік Корея) «Автостоп қуушы» фильмі;
  5. ҮЗДІК ЕР АДАМ РӨЛІ – Карим Мирхадиев, «Қайсарлық» (Өзбекстан);
  6. ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ РӨЛІ – Марта Козлова, «Анна соғысы» фильмі, (Ресей);

Қысқаметраж фильмдердің конкурсы:

  1. ГРАН–ПРИ – реж. Суборна Сенжутидің (Үндістан, Бангладеш) «Балықтар монологы» фильмі;
  2. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ НАЗАРЫ – реж. Игорь Поплаухин (Ресей) «Күнтізбе» фильмі.

НЕТПАК таңдауы:

  1. Реж. Е. Стишковтың (Ресей-Қырғызтан-Польша) «Сүлеймен тауы» фильмі.

ФИПРЕССИ таңдауы:

  1. Реж. Е. Стишковтың (Ресей-Қырғызтан-Польша) «Сүлеймен тауы» фильмі.

"Ел-Арна" телеарнасынан ерекше дипломмен қазақстандық режиссер Олжас Ахметовтың "Неделимое" фильмі марапатталды.

***

Биыл XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің  конкурстық және конкурстан тыс бағдарламасына 1000 өтінім келіп түсті. Орталық Азияны қосқанда, күллі әлемнен Халықаралық конкурсқа – 12 толықметраж картина, қысқаметраж фильмдердің конкурсына – 36 картина, «Керуенге» - картина, «Еуразия жүрегінде» конкурсына – 9 картина, «НЕТПАК таңдауына» - 3 картина, «Бүкіл әлемде» конкурсына – 10 картина, «Ерекше оқиғаға» - картина, «Объектив» - деректі кино бағдарламасына – 12 деректі фильм келіп түсті.

Конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаға барлығы 98 картина кірді. Оның ішіндегі 21 картина Қазақстандық өнім.

Сондай-ақ, кино нарық аясында 2018 жылдың 3 шілдесі күні Еуразия Жобалар Нарығы өз жұмысын аяқтады. Бұл жобаға 31 сценарий келіп түсті, оның ішінен әрі қарай конкурста бақ сынау үшін 10 сценарий іріктелді.

Кинофестиваль аясында 2-ші EurasiaFilmMarket кино нарығы өтті. Онда 70 компания қатысты. Оның 30-ы шетелдік болса, қалған 40-ы қазақстандық компаниялар.

Еуразия Жоба Нарығының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылар арасынан екі басты сыйлықты анықтады. NewYorkFilmAcademy американ киноакадемиясына 2 айлық тағылымдамадан өту сыйлығы  «Ыстық күн, салқын сыра» (Әмір Әменов, Қазақстан) мен «Жалғыз қайың»(Дальмира Тілепберген, Қырғызстан) жобаларына берілді.

Екінші сыйлық – «Еуразия» ХКФ-нің делегациясымен бірге «А» санатындағы кинофестивальге бару «Шекара» (Асхат Кучинчиреков, Қазақстан) фильміне бұйырды.

Бұдан бөлек, қазылар алқасы «Альчики» (Артур Веэбер, Қырғызстан/Ресей) жобасын да ерекше атап өтті.

2018 жылдың 3 шілдесінде XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында отандық кинематографияның заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел болып өтті.

 

Дереккөз: eurasifastival.kz

Пікірлер