• Біздің парақшалар:

Ақан Сатаевтың "Бизнесмены" фильмінің трейлері шықты

Қазақстанның белгілі режиссері Ақан Сатаев өзінің сүйікті 1990 жылдар тақырыбына қайта оралды. "Бизнесмены" драмасы КСРО құлағаннан кейінгі дағдарыс жағдайында коммерциямен айналысқан достар туралы баяндайды.

Басты кейіпкер Әнуар және оның достары қолда бар мүмкіндікті пайдаланып табыс табуға тырысады. 1990 жылдар, елде экономикалық дағдарыс орнағанына қарамастан олар алғашқы кәсіпкерлердің біріне айналады. Бұл достық пен сатқындық, махаббат пен айырылу, өмірдің құндылықтары туралы хикая.

Сценарийді Сатаевтың сенімді әріптесі Тимур Жақсылықов жазды. Басты рөлдерде: Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Рәсім Жұбаев, Еркен ГубашевСанжар МәдиАйсұлу Әзімбаева. Сондай-ақ трейлерден Константин Крюковты да байқауға болады. Әзірге оның рөлінің ауқымы белгісіз.

"Бизнесмендер" Қазақстан прокатына биыл 1 қарашада шығады.

Ресми трейлер:

Пікірлер