• Біздің парақшалар:

"Бизнес по-казахски" комедиясының үшінші бөлімі Африкада түсірілуде

Фото: instagram.com/nurlankoyanbayev

Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски" жобасының үшінші фильмін түсіруде. Бұл жолы оқиға Кенияда өтеді. 

"Бизнес по-казахски в Африке" деп аталатын комедияның Африкадағы түсірілімі аяқталыпты. Жұмыстар енді Дубайда (БАӘ) жалғасады.

Сценарий бойынша алдымен бас кейіпкер қалыңдығымен Дубайға келеді. Алайда түрлі себептермен олар аяқ астынан Африкаға тап болады. 

"Африкадағы қазақша бизнес" әдеттегідей биыл желтоқсан айының соңына қарай, жаңа жыл қарсаңында прокатқа шығады.

Еске сала кетейік осыған дейін осы "Қазтелепродукт" студиясының "Бизнес по-казахски", "Бизнес по-казахски в Америке" фильмдері шықты.

Пікірлер