• Біздің парақшалар:

Қыркүйекте алғаш рет Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалі өтеді

Алматыда алғаш рет Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалі өтеді. 15-19 қыркүйек аралығында өтетін кинофорум Алматының қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған. 

Ашылу фильмі ретінде Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі таңдалған. Қазақстандық актриса Самал Еслямова осы фильмдегі рөлі үшін 71 Канн кинофестивалінің "Үздік актриса" номинациясын жеңіп алған еді. 

Almaty Film Festival президенті болып режиссер Ақан Сатаев, ал бас продюсері болып Ернар Құрмашев тағайындалды. Шара "Мәдениеттердің жақындасуы" деген ұранмен өтеді. 

5 күндік кинофорумда қызыл кілеммен жүру салтанаты, отандық және әлемдік фильмдердің премьералары өтеді. Қазылар алқасына Гүлнәр Сәрсенова (продюсер), Роберт Минкофф (режиссер), Пьер Спенглер (продюсер), Настасья Кински (режиссер, продюсер, актриса), Алексей Петрухин (продюсер) еніп отыр. 

Негізгі конкурсқа 2018 жылы шыққан, өндірісіне екі немесе одан да көп ел атсалысқан 10 фильм қатысады:

  • "Деміңізді басыңыз" / "Andið eðlilega" (Исландия, Швеция, Бельгия)
  • "Аверно" / "Averno" (Боливия, Уругвай)
  • "Хрусталь" / "Crystal Swan" (Беларусь, Германия, АҚШ, Ресей)
  • "Ласковое безразличие мира" / "The Gentle Indifference of the World" (Қазақстан, Франция)
  • "Көкжиек" / "Horizonti" (Грузия, Швеция)
  • "Қонақжай" / "Omotenashi" (Тайвань, Жапония)
  • "Көркем өмір" / "Painting Life" (Үндістан, АҚШ)
  • "Вулкан" / "Volcano" (Германия, Украина)
  • "София" / "Sofia" (Франция, Катар)
  • "Сара мен Салемнің қатынасы" / "The Reports on Sarah and Saleem"

Жеңімпаздар мынадай номинациялар бойынша анықталады: "Гран-при", "Үздік режиссерлік жұмыс", "Үздік еркек рөлі", "Үздік әйел рөлі", "Қазылардың арнайы жүлдесі". Конкурстан тыс бағдарламалар бар: "Мәдени және табиғи мұра, туризм және спорт", "City in motion", "Отбасылық және балалар киносы", "Ерекше оқиға". Конкурстан тыс бағдарламаларға 21 фильм ұсынылған. Жобалар питчингі өтеді, нәтижесінде жеңімпаз атанғандар қаржылай сыйлыққа және қолдауға ие болады.

Сонымен қатар халықаралық кинофестиваль барысында «Тұлпар» ұлттық сыйлығы табысталады.

Кинофестивалдің ашылуы, жабылуы секілді салтанатты шаралары Республика сарайында (Достық даңғ., 56), бизнес шаралар мен питчинг Mercure Almaty City Center қонақүйінде (Абылай хан көш., 53), конкурстық және конкурстан тыс фильмдердің көрсетілімдері CINEMAX Dostyk Multiplex (Самал-2 ш/а, 111, Dostyk Plaza) және Lumièra (Абылай хан көш., 62) кинотеатрларында өтеді.

Пікірлер