• Біздің парақшалар:

Қыркүйекте Baikonyr Short Film Festival өтеді

2018 жылы 20-23 қыркүйек аралығында Алматы мен Астана қалаларында Baikonyr Short Film Festival өтеді. Жас кинематографшыларды қолдауға бағытталған бұл кинофорумға 2017-2018 жылдары түсірілген кез келген жанрдағы ойын, деректі және анимациялық қысқаметражды фильмдер қатысады.

Қатысушылар мынадай номинациялар бойынша бақ сынайды:

  • Гран-при 
  • Үздік режиссер 
  • Үздік оператор 
  • Үздік қоюшы-суретші 
  • Үздік сценарий 
  • Үздік дыбыс 
  • Үздік эксперимент фильм 
  • Үздік деректі фильм 
  • Үздік анимациялық фильм 
  • Үздік актер 
  • Үздік актриса 
  • Қазылардың арнайы сыйлығы 
  • "Бродвей" таңдауы

Конкурстық бағдарламаның қазылар құрамына мәдениет, өнер, киносын саласының белгілі қайраткерлері кіріп отыр:

  • Нұртас Адамбай - режиссер, актер, сценарийші, продюсер
  • Баян Алагөзова - продюсер, актриса
  • Аружан Жазылбекова - актриса
  • Ойбек Абдушукуров - продюсер, Өзбекстан Жас кинематографшылар кеңесінің төрағасы
  • Денис Коноплев - дыбыс режиссері
  • Баймұрат Жұманов - режиссер, актер
  • Катерина Суворова - режиссер
  • Адай Әбілдинов - режиссер, сценарийші
  • Яна Тюлькина - қоюшы-суретші
  • Қазылар алқасын Қырғызстанның белгілі кинотанушысы, киносыншы Гүлбара Толомушова басқарады.

Фильмдер Алматыда Kinoplexx Sary Arka (Алтынсарин 24А) кинотеатрында көрсетіледі. Қазір қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. Жақын арада негізгі бағдарламаны және қатысушыларды жариялайды.

Фестивалді ұйымдастырушы - "Бродвей" кинопорталы, демеушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры.

Пікірлер