• Біздің парақшалар:

75 Венеция кинофестивалі: Эмир Байғазин үздік режиссер атанды

Альфонсо Куарон / Фото: Vittorio Zunino Celotto/Getty Images Europe

Италияда 75 Венеция халықаралық кинофестивалі аяқталды. Негізгі конкурс қазыларын Мексика режиссері, былтыр осы жерден "Су пішіні" фильмі үшін "Алтын арыстан" алып кеткен Гильермо дель Торо басқарады. Фестивалдің ашылу фильмі Дэмьен Шазеллдің "Бірінші адам" ("First Man") картинасы болды. 

Биылғы фестивальға Эмир Байғазиннің "Өзен" картинасы да қатысқан еді. "Көкжиектер" бағдарламасы аясында көрсетілген қазақстандық фильм "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.

Негізгі жеңімпаздар

  • "Алтын арыстан": "Рим" ("Roma"), реж. Альфонсо Куарон
  • "Күміс арыстан" - Гран-при: "Фаворит" ("The Favourite"), реж. Йоргос Лантимос
  • Режиссерлік үшін "Күміс арыстан": "Ағайынды Систерстер" ("The Sisters Brothers"), реж. Жак Одиар
  • Үздік еркек рөлі үшін Вольпи кубогы: Уиллем Дефо, "Мәңгілік қарсаңында"
  • ("At Eternity's Gate")
  • Үздік әйел рөлі үшін Вольпи кубогы: Оливия Колман, "Фаворит" ("The Favourite")
  • Үздік сценарий үшін "Алтын Озелла": ағайынды Коэндер, "Бастер Скраггс балладасы" ("The Ballad of Buster Scruggs")
  • Қазылардың арнайы сыйлығы: "Бұлбұл" ("The Nightingale"), реж. Дженнифер Кент
  • Үздік дебют үшін Луиджи де Лаурентистің "Болашақ арыстаны": "Көлеңкемді жоғалтқан күн" ("The Day I Lost My Shadow"), реж. Судад Кадан
  • Марчелло Мастроянни сыйлығы: Baykali Ganambarr, "Бұлбұл" ("The Nightingale")

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін "Әулие Марктің Алтын арыстаны" - Ванесса Редгрейв және Дэвид Кроненберг.

"Көкжиектер" ("Orizzonti") бағдарламасы

  • Үздік фильм: "Манта Рэй" ("Manta Ray"), реж. Путтифонг Арунфенг
  • Үздік режиссура: "Өзен" ("The River"), реж. Эмир Байғазин
  • Қазылардың арнайы сыйлығы: "Анонс" ("The Announcement"), реж. Махмут Фазил Чошкун
  • Үздік актер: Каис Насеф, "Отқа оранған Тель-Авив" ("Tel Aviv On Fire")
  • Үздік актриса: Наталья Кудряшова, "Бәрін таңғалдырған адам" ("Человек, который удивил всех")

ФИПРЕССИ тәуелсіз қазылар жүлдесі Ласло Немештің "Кешқұрым" ("Napszállta") фильміне берілді.

75 Венеция халықаралық кинофестивалі 2018 жылы 29 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтті.

Марапаттау шарасының видеосы:

Пікірлер