• Біздің парақшалар:

Қазақстан мен Жапония бірігіп барымташылар туралы кино түсіруде

Алматы облысында "Барымташылар" ("Конокрады") деген қазақ-жапон бірлескен киножобасының түсірілімі басталды. Қазақстан тарапынан Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, ал Жапония тарапынан "Tokyo New Cinema" компаниясы іске асыруда.

"Барымташылар" Тянь-Шань тауының бөктеріндегі кішкентай ауылда тұратын тату отбасы туралы баяндайды. Олар шулы қаладан және тұрақсыздықтан алыста, жылқы бағумен айналысады. Бір күні жылқы ұрлайтын топ алысқа отағасын алдап апарып, аяусыз өлтіреді де табын жылқыны айдап әкетеді. 12 жасар Олжас, топтың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.

Фильмді қоюшы - Ерлан Нұрмұхамбетов, тең режиссері Лиза Такеба (Жапония). Басты рөлдерде Дулыға Ақмолда, Самал Еслямова, Мирай Морияма ойнайды.

Релизі 2019 жылға жоспарланған.

 

Дереккөз: "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Пікірлер