• Біздің парақшалар:

"Капитан Марвел" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Marvel студиясы "Капитан Марвел" ("Captain Marvel") фильмінің алғашқы трейлерін жариялады. Комикстың ең қуатты персонаждарының бірі болып саналатын бұл қаһарманды "Оскар" лауреаты Бри Ларсон ойнайды.

Marvel кинематографиялық ғаламының жиырма бірінші картинасының оқиғасы 1990 жылдары өтеді. Сюжетте Америка Әскери-әуе күштерінің пилоты Кэрол Денверс туралы баяндалады. Бөгде планета нәсілінің өкілімен кездескеннен кейін ерекше қабілетке ие болады.

Фильмге сондай-ақ Сэмюэл Л. ДжексонБен МендельсонДжимон ХонсуЛи ПейсЛашана Линч, Кларк ГреггДжуд Лоу актерлер қатысты.

Жобаның өндірістік бюджеті 152 миллион доллар деп айтылуда. Осылайша "Капитан Марвел" франшизаның ең арзан фильмдерінің бірі болып отыр.

Фильм 2019 жылы 7 наурызда прокатқа шығады.

Ресми трейлер:

Сондай-ақ орысша дубляждалған трейлері де шықты.

Пікірлер