• Біздің парақшалар:

Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалі жұмысын қорытындылады

Алматыда бірінші Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалі жұмысын қорытындылады.

Неміс актрисасы Настасья Кински мен корей режиссері Ким Ки Дук "Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін" мүсіншелерімен марапатталды. Сосын конкурстан тыс бағдарлама лауреаттары жарияланды. "Генезис 2.0" фильмі (Швейцария, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ) "Мәдени және табиғи мұра, туризм және спорт" секциясында үздік атанды, фильмді жасаушыларын ЮНЕСКО өкілдері марапаттады. Ал қазақстандық режиссер Андрей Беляловтың "Алтын Емел" деректі картинасы "Ел арна" телеарнасы тағайындаған сыйлықты алып, осы арнадан көрсетілу мүмкіндігіне ие болды.

Фестиваль аясында жобалар питчингі өтіп, нәтижесінде Серік Әбішев ұсынған "Қуандық" сценариі 10 жоба арасынан үздік шықты. Бұл жобаның өндірісін Astana film found қаржыландырады.

Ал негізгі конкурс жеңімпаздары мыналар:

  • Операторлық өнер мен қоюшы-суретшінің жұмысы үшін қазылардың арнайы сыйлығы: "Әлемге жылы бейжайлық" / "Ласковое безразличие мира", реж. Әділхан Ержанов (Қазақстан)
  • Үздік актриса: Майса Абд Эльхади және Сивэйн Крэчнер - "Сара мен Салемнің қатынасы" / "The Reports on Sarah and Saleem" (Палестина)
  • Үздік актер: Георгий Бочорашвили - "Көкжиек" / "Horizonti" (Грузия, Швеция)
  • Үздік режиссер: Роман Бондарчук - "Вулкан" / "Volcano" (Германия, Украина)
  • Гран-при: "Хрусталь" / "Crystal Swan" (Беларусь, Германия, АҚШ, Ресей)

Almaty Film Festival 15-19 қыркүйек аралығында өтті.

 

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікірлер