• Біздің парақшалар:

Жыл соңына дейін екі мультфильм қазақ тілінде жарық көреді

Биыл жыл соңына дейін Disney студиясының екі мультфильмі қазақ тілінде жарық көреді. Жобаның үйлестірушісі - "Болашақ" корпоративтік қоры осы екі мультфильмнің қазақша дубляждалған трейлерлерін жариялады.

22 қарашада "Ральф интернетке қарсы" ("Ralph Breaks the Internet") шығады. Бұл 2012 жылғы анимациялық картинаның жалғасы.

Осы жолы Ральф пен оның дос қызы Ванилопа фон Кекс ойын автоматтарынан тысқары кетіп, Интернеттің шексіз кеңістігін бағындыруға шығады. 

Сондай-ақ 8 желтоқсанда "The Nutcracker and the Four Realms" (орысшасы - "Щелкунчик и четыре королевства") отбасылық фэнтезиі жарық көреді. Қазақша атауы - "Шақылдақ жəне төрт патшалық".

Фильмде Клара есімді қыз туралы баяндалады. Ол Рождество кезінде ерекше сыйлық алғаннан кейін жұмбаққа толы мекендерге саяхатқа аттанады. Ол үш патшалықта болады: Қар үлпегі мекені, Гүл мекені және Тәттілер мекені. Сонымен қатар Клара төртінші патшалыққа да баруы керек, бұл жерде Тышқандар Патшасы басқаратын тышқандар әскеріне қарсы шайқаспақ.

Биыл жыл басынан бері екі мультфильм қазақ тіліне дубляждалып, кинода көрсетілді: "Суперотбасы 2" (14 маусым) мен "Монстрлар демалысы 3: Теңізге саяхат" (12 шілде).

Пікірлер