• Біздің парақшалар:

Алматыда III Baikonyr Short Film Festival аяқталды

Алматыда Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында 20-23 қыркүйек аралығында III Baikonyr Short Film Festival болып өтті. Шараның бас серіктестері - Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinema.

Биыл келіп түскен 195 өтініштен байқауға 47 жұмыс өтті. Baikonyr SFF жеңімпаздары 13 номинация бойынша анықталды:

  • Бас жүлде – «Қош бол, досым», Тимур Сердалин
  • «Үздік режиссер» -  «Қош бол, досым», Тимур Сердалин
  • «Үздік оператор» - «Uzbek elegy», Бахтияр Исламов
  • «Үздік сценарий» - «Қош бол, досым», Жәнібек Мұртазин
  • «Үздік актер» - «Асан», Азат Жұмаділ
  • «Үздік актриса» - «Самал», Жанель Аликова
  • «Үздік қоюшы-суретші» - «Өркеш», Иван Ардашов
  • «Үздік дыбыс» - «Чемпион», Мария Валуйская, Юлия Реиман, Сейіт Тасболатов
  • «Үздік анимациялық фильм» - «Өркеш», Иван Ардашов
  • «Үздік деректі фильм» - «Қасапшының бір күні», Нұрсұлтан Нұсқабеков
  • «Үздік тәжірибелік фильм» - «Балалардың қалай өліп жатқанын бақылағанды ұнатамын», Әлібек Әбдіхалық
  • «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» - «Қыстың соңы», Әмір Әменов
  • «Бродвей» таңдауы» - «Жабайы күндер», Самғар Рахым

Жұмыстарды FIPRESCI және NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова, актриса Аружан Жазылбекова, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова, режиссер әрі сценарист Адай Әбелдинов, продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай, режиссер Баймұрат Жұманов, режиссер Катерина Суворова және дыбыс режиссері Денис Коноплев бағалады.

Baikonyr Short Film Festival аясында 71 Канн кинофестивалінің Cinefondation қысқа метр бағдарламасына қатысқан Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі және Дәрежан Өмірбаевтің биыл 30 жыл толған «Шілде» картинасы көрсетілді. Сонымен қатар, көрермендер Қырғызстан мен Өзбекстанның үздік қысқаметражды жұмыстарын тамашалады. 

Фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтті. Шараның бас серіктестері - Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinema. Кинофестиваль ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы.

Пікірлер