• Біздің парақшалар:

Төреғали Төреәлі өзі туралы киноға түсті

Қазақтың белгілі әншісі Төреғали Төреәлі өзіне арналған комедияда басты рөлде ойнады. "Ұлы дала комедиясы" деп аталатын фильм әнші туралы болғанымен, өмірбаян жанрында деп айту қиын. Өйткені сюжетке фэнтези элементтері қосылған.

Сюжет бойынша Төреғали Төреәлі - ел аузынан түспейтін атақты эстрада жұлдызы. Алайда Төреғалидің өзі бұндай өмірден шаршаған. Туған күнін тойлап жүрген әнші өзіне басқа өмір тілейді. Ертесіне ол Талғат есімді басқа адамның денесінде оянады. 

Одан бөлек картинаға Мәдина Оспан, Дәулет Бижанов, Ғазиз Ерболатов, Жанболат НайзабековШынар Асқарова түсті. Режиссері - Дархан Саркенов ("Статья на двоих").

"Ұлы дала комедиясы" биыл 18 қазанда прокатқа шығады.

Трейлер:

Пікірлер