• Біздің парақшалар:

"Хабар" телеарнасы 1 қазаннан бастап "Аға" қылмыстық драмасын көрсетеді

"Хабар" телеарнасы 1 қазаннан бастап "Аға" қылмыстық драмасын көрсетеді.

Сериал жетімдер үйінен жоғалған қарындасын іздеп жүрген полиция лейтенанты жайлы. Ол қыз саудасымен айналысатын қылмыстық топтың құрамына еніп, қарындасын табудың түрлі амалын жасайды.

16 бөлімді телехикаяның негізгі мақсаты – замана ағысына еріп, тура жолдан адасқан, түрлі зиянды әдеттерге бой ұрған қазақ қыздарының аянышты тағдырын мысалға ала отырып, артымыздан еріп келе жатқан қарындастарымызды олардың жасаған қателіктерін қайталамауға шықырып, ізгілікке тәрбиелеу.

Басты рөлдерде Ерік Хамидоллаев, Назерке Маратқызы, Олжас Тоғымбет ойнайды. Режиссері - Алмас Фазыл.

Сондай-ақ "Хабар" арнасына 1 қазаннан бастап 24 бөлімнен тұратын "Детектив әже" комедиясы шығады. Эфир уақыты 19:15.

Пікірлер