• Біздің парақшалар:

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» сериалының түсірілімі басталды

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Эвакуация» (шартты атауы) телевизиялық сериалының түсірілімі басталды. Жобаға Фархат Шәріпов режиссер болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілетін сериал өткен ғасырдың  40-шы жылдары туралы баяндайды. 1941 жылдың қазан айында СССР оккупацияға ұшыраған аймақтардың халқы мен зауыттарын құтқару жұмыстарын бастайды. Аштық пен аязды бастан өткерген, «теплушки» вагондарына адамдар тиелген мыңдаған эшелондар шығысқа қарай жөнелтіледі. Сондай вагондардың бірінде Галя есімді қызы бар Наталья болады. Наталья Ленинградтты тастап, Қазақстаннан пана іздеп келеді. Қазақ даласындағы темір жол бойындағы шағын станциялардың бірінде қызын жоғалтады. Қызы құрбысының қасында қалған болар деген үмітпен ол Алматыға беттейді. Алайда, оны бұл жерде ауыр сынақтар күтеді.

Негізгі рөлдерге Наталья Витмер, Евдакия Бобрик, Екатерина Балакши, Виталий Багрянцев, Алтынай Нөгербек және Иісбек Әбілмәжіновты сияқты актерлер бекітілген.

Пікірлер