• Біздің парақшалар:

Marvel студиясы "Кек алушылардағы" қаһармандардан 4 сериал жасайды

Marvel киностудиясы өзінің киноғаламындағы бірқатар қаһармандарға арнап бөлек сериалдар жасайды.

Әзірше Локи, Алқызыл Мыстан/Ванда Максимофф, Қысқы Жауынгер/Баки Барнс және Сұңқар туралы тележобалардың шығатыны белгілі.

Кинофильмдерде аталған кейіпкерлерді ойнаған актерлер сериалға да қатыспақ. Атап айтқанда Том Хиддлстон (Локи), Элизабет Олсен (Алқызыл Мыстан), Себастьян Стэн (Қысқы Жауынгер), Энтони Маки (Қыран) сияқты актерлерді кіші экраннан да көретін боламыз.

Marvel төңірегіндегі тағы бір жаңалық - Walt Disney компаниясы 2019 жылы өзінің ағынды видеосервисін құрғалы жатыр. Онда осы компанияға қарасты студиялар өндірген жобалар ғана көрсетілетін болады. Жоғарыда аталған сериалдар да көрермендерге осы сервис арқылы таралады. 

Marvel студиясының телевизия бөлімі жасаған, Netflix сервисінде көрсетілген "Люк Кейдж" ("Luke Cage") және "Темір жұдырық" ("Iron Fist") сериалдары жабылып қалған болатын. Бұның нақты себебі айтылмағанымен, кейбір ақпарат ресурстары бұл өзгерістер Walt Disney компаниясының осы стриминг сервис ашуымен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Пікірлер