• Біздің парақшалар:

"Күлтегін" мультфильмінің трейлері шықты

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы интернетке «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильмінің бірінші трейлерін салды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жарыққа шыққан бұл туынды жалпыұлттық прокатқа 22 қарашадан бастап шығады. 

Жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.

Жас ұрпақты мейірімді, қайырымды болуға, сонымен қатар Отанды сүюге тәрбиелеуді алдына мақсат қойған режиссер Адай Әбілданың осыған дейін де түсірген қысқаметражды фильмдері  көптеген Халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, жүлделі орындардан көрінген. 

Ресми трейлер:

Пікірлер