• Біздің парақшалар:

Netflix сервисінің "Ведьмак" сериалына Генри Кавилл түседі

Netflix сервисі "Ведьмак" ("The Witcher") компьютерлік ойыны негізінде сериал түсіреді. Басты рөлге Супермен образымен белгілі британ актері Генри Кавилл тағайындалды. Ол Геральт есімді кейіпкерді ойнайды.

Сериалдың алғашқы маусымы сегіз эпизодтан құралмақ. Кавилл әр эпизод үшін кем дегенде 400 мың доллар ақы алады деп айтылуда. Жақында актердің қатысуымен тестілік видеоролик жарияланды. Онда Генри Кавилл Геральт образында көрініс табады.

"Ведьмак" 2019 жылы шығады деп жоспарланған.

Пікірлер