• Біздің парақшалар:

Бонни мен Клайдты Хлоя Грейс Морец пен Джек О’Коннелл ойнайды

Америкадағы Ұлы тоқырау заманының танымал гангстерлері Бонни Паркер мен Клайд Бэрроу туралы өмірбаян фильм түсірілгелі жатыр. "Love Is A Gun" (қазақша мағынасы - "Махаббат дегеніміз - тапанша") деп аталатын жобада басты рөлдерді Хлоя Грейс Морец пен Джек О’Коннелл ойнайды.

Картинаға Джефф Гиннің "Бірге опат болғандар: Бонни мен Клайдтың айтылмаған хикаясы" ("Go Down Together: The True, Untold Story of Bonnie and Clyde") кітабы арқау болады. Режиссерлік міндетті испан кинематографшысы Кике Маильо атқарады ("Eva", 2011).

Түсірілім 2019 жылы басталмақшы. Прокат кестесі әзірге хабарланған жоқ. 

Бонни мен Клайд - атақты америкалық тонаушылар. Өзге де жақтастарымен бірге олар банк, дүкен, жанармай бекетін, басқа да қызмет орындарын тонаумен айналысқан. Бонни мен Клайд басқарған банданың қолынан кем дегенде тоғыз полицей және бірнеше бейбіт тұрғын қайтыс болды деп саналады. Бонни мен Клайд 1934 жылы Техас рейнджерлерінің қоршауына түсіп, атыс кезінде қайтыс болады. 

Дереккөз: Geek TyrantDeadline

Пікірлер