• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: Пикачу, Тәуекел Мүсілімнің тойы және Фархат Шәріповтың тренингі

Назарларыңызға Покемен туралы фильмнің және екі отандық картинаның алғашқы трейлерлерін ұсынамыз.

"Покемон. Детектив Пикачу" ("POKÉMON Detective Pikachu") - әйгілі видеойындарға негізделген отбасылық фэнтези. Жоба актерлердің қатысуымен жасалған фильмнің және компьютерлік анимацияның симбиозы түрінде ұсынылады.

Сюжеті покемондар ғаламында өрбиді. Покемондардың бапкері Тиму Гудман жоғалып кетеді. Оның ұлы Гарри Гудман әкесін табу үшін детевтик болып істейтін Пикачудің көмегіне жүгінеді.

Пикачуды Райан Рейнольдс дыбыстайды. Ал актерлер қатарында Джастис СмитКэтрин НьютонСьюки УотерхаусБилл НайиКэн Ватанабэ бар. Режиссері - Роб Леттерман.

Прокатқа 2019 жылы мамырда шығады.

"Свадьба.kz" - Валерий Задарновский режиссерлік еткен отандық романтикалық комедия. Басты рөлдерде: Тәуекел МүсілімДарья АлександроваАйым СейтметоваДина ТасболатоваЕржан ТүсіповДанагүл Темірсұлтанова.

Тәуекел Мүсілім фильмде өзін ойнайды. Бойдақ өмір өзіне жақса да, ата-анасының қолқа салуымен қалыңдық іздеуге мәжбүр болады. Таңдау жасау үшін жігіттің алдында небір күрделі сынақтар күтіп тұр. Ал ең басты сынақ - есейіп, жауапты болуды үйрену.

Еліміздің кинотеатрларында биыл 13 желтоқсаннан бастап көрсетіледі.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Фархат Шәріповтың "Тренинг личностного роста" картинасын ұсынады. Режиссер "Сказ о розовом зайце", "Инопланетяне ни при чем" фильмдерімен белгілі.

Сюжеті жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керектігін және көшбасшы бола білудің әдістерін айтады. Көшбасшы болудың құпияларын бойына сіңіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді.

Басты рөлдерде: Дулыға АқмолдаЕржан ТүсіповГүлжамал ҚазақбаеваӘсел ҚалиеваФилипп Волошин

Айтпақшы бұл фильм 23 Халықаралық Пусан Кинофестивалінің "Азия киносына назар салу" бағдарламасына қатысып үлгерді.

Премьерасы биыл 22 қарашада.

Пікірлер