• Біздің парақшалар:

Ким Ки Дук Алматыда кино түсірді

Оңтүстік Кореяның танымал режиссері Ким Ки Дук жаңа фильмін Қазақстанда түсірді. 10 күнге созылған түсірілім Алматы мен Алматы облысында жүрген.

Картинаның "Дин" деген атауы - Динара деген басты кейіпкердің қысқартылған есімі. Психологиялық драма жанрындағы фильмге қазақ және корей актерлері қатысқан. Жобаның өндірісіне Қазақстан тарапынан Astana film found компаниясы атсалысты.

Ким Ки Дук Алматыда алғаш рет 2012 жылы болған екен. Сол кезде оған осы жердің пейзажы қатты ұнаған. Осыдан кейін оған Қазақстанда кино түсіру идеясы келген екен.

Түсірілім локацияларына Медеу, Шымбұлақ, Есік көлі кірген. Фильм 2019 жылы жарыққа шығады.

Ким Ки Дук - Оңтүстік Кореядан шыққан әлемге танымал кинематографшы. Оның жүлделер қоржынында Венеция кинофестивалінің "Алтын арыстан", Берлиналенің "Күміс аю", басқа көптеген беделді конкурстардың сыйлықтары бар.

Пікірлер