• Біздің парақшалар:

"Жанкешті" сериалының толықметраж түріндегі жалғасы болады

"Жанкешті" сериалының промо-фотосы / дереккөз: Rolling Stone

AMC телеарнасы  "Жанкешті" / "Во все тяжкие" / "Breaking Bad" сериалының жалғасын түсірмекші. Жоба толықметражды фильм форматында болады деп айтылуда.

"Greenbrier" деген жұмыс атауы бар картина сериалдағы Джесси Пинкман есімді кейіпкер туралы болады. Оны Аарон Пол ойнағаны белгілі.

"Жанкешті" сериалын жасаған Винс Гиллиган фильмнің сценарийші және продюсері болып тағайындалған. Түсірілім 2018 жылы қарашада басталмақшы. Ал премьерасы 2019 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

АМС телеарнасының "Жанкешті" сериалы 2008-2013 жылдары көрсетілді. Ол көптеген беделді марапатқа ие болды және арнаның басқа да жобаларына әсер етті. Мысалы "Кезбе өліктер" / "The Walking Dead" сериалын жасаушы Роберт Киркманның айтуынша, Хайзенбергтің "көк меті" адамдардың зомбиға айналуына себеп болды. Сонымен қатар оқиғасы "Жанкешті" әлемінде өрбитін, адвокат Сол Гудманға арналған (Боб Оденкёрк) "Бірден Солға хабарласыңыз" / "Better Call Saul" сериалы шықты.

 

Дереккөз: Albuquerque JournalSlash FilmKinonews.ru

Пікірлер