• Біздің парақшалар:

2018 жылғы «Құлагер» ұлттық киножүлдесінің иегерлері белгілі болды

19 қарашада 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында Кинематографистер Одағының «Құлагер» Ұлттық жүлдесін тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті. Рәсім «Бақшысарай» салтанатты сарайында өтіп, өз аясына қазақ киносының жұлдыздарын жинады.

«Құлагер» жүлдесінің жеңімпаздары:

Көркем фильм:

  1. Үздік арнайы эффектілер – "Cubic" студиясы

  2. Үздік костюмер – Ажар Әубәкірова («Алмас қылыш»)

  3. Үздік гримӨмірзақ Шманов («В безмолвии»)

  4. Үздік дыбыс режиссері – Сергей Лобанов («В безмолвии»)

  5. Үздік каскадер – Қасым Жұмағожин

  6. Үздік композитор – Қуат Шілдебаев («Түрксіб»)

  7. Үздік актер – Дулыға АқмолдаОралман»)

  8. Үздік актриса – Самал Еслямова («Айка»)

  9. Үздік оператор – Азамат Дулатов («Лифт»)

  10. Үздік сценарий – Серік Апрымов («Әкеге қоңырау шалу»)

  11. Үздік продюсер – Арман ӘсеновАлмас қылыш»)

  12. Үздік режиссер – Ардақ Әмірқұлов («В безмолвии»)

  13. Үздік фильм – «Оралман» (реж. Сәбит Құрманбеков)

  14. Қазақ киносына қосқан үлесі үшін – Кадыр Қосай, Игорь Вовнянко

Деректі кино:

  1. Үздік режиссер – Олег Белялов («Алтын Емел»)

  2. Үздік фильм – «Қазақ биі» (реж. Газиз Насыров, Анвара Садыкова)

Анимация :

  1. Үздік режиссер - Рамиль Усманов.

  2. Үздік фильм – «Мұзбалақ»

  3. Анимацияға қосқан үлесі үшінЖәкен Даненов

Үздік дебют – «На грани» (реж. Алдияр Байрақымов)

Үздік қысқаметражды фильм – «Асан» (реж. Берік Жаханов)

Үздік киножүргізуші – Назира Мұқышева.

Пікірлер