• Біздің парақшалар:

14-ші Шәкен Айманов ХКФ жеңімпаздары белгілі болды

Алматы қаласында 14-ші Шәкен Айманов халықаралық кинофестивалінің жұмысы аяқталды. Жабылу рәсімі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. 

Фестивалдің жеңімпаздары былайша анықталды:

«Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:

Үздік фильм үшін Гран-при – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса

Үздік режиссерлік жұмысы – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағы әйел» (Исландия)

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин

 

«Ата-бабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:

Үздік фильм үшін Гран-при – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков

Үздік режиссерлік жұмыс – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Калымбетов

Үздік сценарий жұмысы – «Шынар» (Түркия), режиссер Мустафа Карадениз

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шәріпов

Үздік актриса – Феруза Саидова, «Әкем ауырып қалды» (Өзбекістан), режиссер Зульфикар Мусаков

Үздік актер – Акылбек Абдыкалыков, «Түнгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров

 

НЕТПАК арнайы жүлдесі – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шәріпов

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлде – Сердар Гёкхан, актер (Түркия)

Биыл жаңа форматпен ұйымдастырылған 14-ші Шәкен Айманов халықаралық кинофестивалі 2018 жылғы 17-21 қараша аралығында өтті.

 

Дереккөз: Шәкен Айманов ХКФ баспасөз қызметі

Пікірлер