• Біздің парақшалар:

"Кек алушылар 4" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Marvel студиясының "Кек алушылар 4" фильмінің алғашқы трейлері жарияланды. Роликте фильмнің атауы "Avengers: Endgame" деп көрсетілген (қазақша мағынасы - "Кек алушылар: Ойынның соңы").

Сюжетінің деталдары әзірге белгісіз. Трейлерде "Шексіздік соғысына" қатыспаған Қыран көз/Клинт Бартон мен Құмырсқа-адам/Скотт Лэнг көрсетіледі. Қыран көз садағын тастап, қолына басқа қару - қылыш алғанын көруге болады. Ал Құмырсқа-адам өзінің дербес фильмінде квант әлемінде қамалып қалған еді, "Кек алушыларда" оның біздің әлемге оралғанын көреміз.

"Avengers: Endgame" 2019 жылы 25 сәуірде шығады.

Ресми трейлер:

Орысша дубляждалған трейлер.

Пікірлер