• Біздің парақшалар:

Жуырда "Елбасы жолы" киноэпопеясының Астанаға арналған бөлімі шығады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси өмірі туралы тағы бір байопиктің трейлері жарық көрді. Фильмнің премьерасы биыл 16 желтоқсанға жоспарланған.

"Елбасы Жолы. Астана" деп аталатын өмірбаян-драманы Ақан Сатаев түсірді. Фильмге Астананың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру жұмысы басталады. 

Елбасы рөлінде Мұрат Ахманов ойнайды. Сонымен қатар, фильмге Еркебұлан ДайыровЖан БайжанбаевАзат СейтметовАсқар ІлиясовГүлнар Жақыпова және басқа да актерлер қатысты.

Сценарий авторлары - Әділбек Жақсыбеков пен Тимур ЖақсылықовТүсірілім жұмыстары 2017 жылы желтоқсан айында басталған еді. Фильмге шетелдік гример Марк Кулир шақыртылған. Ол «Гранд Будапешт қонақүйі», «Темір ханым» («The Iron Lady») фильмдеріне жасаған грим үшін екі рет «Оскар» алған.

Ресми трейлер:

Пікірлер