• Біздің парақшалар:

Тәуелсіздік мейрамында "Кейкі мерген" және "Күй-ғұмыр" сериалдары көрсетіледі

Тәуелсіздік мерекесіне орай "Qazaqstan" ұлттық арнасы бірқатар жаңа жобаларды эфирге шығарғалы отыр. Соның ішінде "Кейкі мерген" және "Күй-ғұмыр" атты тарихи сериалдар көрсетіледі.

15 желтоқсаннан бастап 14:50-де "Qazaqstan" телеарнасында 16 бөлімді "Кейкі мерген", ал, 17 желтоқсан күні сағат 21:50-де күй өнерін, домбыраны арқау еткен "Күй-ғұмыр" телехикаясы эфирге шығады. 15 желтоқсан күні сағат 18:20-да "Желтоқсанның 16 күні" атты деректі фильмі көрсетіледі. 

"Кейкі мерген" жайында: Қазақ даласындағы 1900-1922 жылдар аралығындағы тарихи кезең. Ұлт тағдырына тықыр таянған кез. Осы дүрбелең дүниеде елім деп атқа қонған Кейкінің тартысқа толы ғұмыры тарихи драмалық телехикаяға арқау болмақ. 16 эпизодтан тұратын көркем туындының 4 сериясын көрермен бір күнде тамашалайтын болады.

Ал "Күй-ғұмыр" телехикаясы қазақтың жаны, күй өнері – домбыра жайында. Үлкен әулеттің ақсақалы бала-шаға, немере-шөберелерінің домбыра ұстауына қарсы. Сырттай қарағанда өте мейірімді қария домбыра, күй дегенде түсін суытады. Оның сыры неде? Сюжет желісі осы бағытта өрбиді.  

Сондай-ақ, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "balapan" телеарнасынан көрермендер "Айдар", "Дала ойындары", "Ертемір" атты жаңа үш мультсериалды тамашалай алады. Бұл жобалар 10 желтоқсаннан бастап көрсетілуде. Дүйсенбіден бастап 12:35-те "Айдар", 12:45-те "Дала ойындары", 16:30-да  "Ертемір" анимациялық фильмдері шығып жүр. Сонымен қатар "balapan" арнасының көрермендері "Орман күзеті" мен "Шахмат патшалығы" мультхихаяларын тамашалай алады.

Пікірлер