• Біздің парақшалар:

Жаңартылған "Хеллбой" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Жаңартылған "Хеллбой" ("Hellboy") кинокомиксінің алғашқы трейлері жарияланды. Басты рөлде - Дэвид Харбор

Фильмге Нил Маршалл режиссер болды. Ол "Тақтар ойыны", "Ганнибал" ("Hannibal"), "Батыс әлемі" ("Westworld") секілді рейтингі жоғары сериалдарды жасаушы ретінде белгілі.

Сюжеті Қанды патшайым туралы комикстерге негізделген. Хеллбой орта ғасырлардан бері келе жатқан Қанды патшайымға қарсы шығу үшін Англияға аттанады. Бұл шайқастың нәтижесіне бүкіл әлемнің тағдыры тәуелді.

Фильмге сондай-ақ Милла ЙововичИэн МакШейн, т.б. актерлер түсті.

"Хеллбойдың" әлемдік премьерасы 2019 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған. Қазақстан прокатына 2019 жылы 11 сәуірде келуі тиіс.

Ресми трейлер:

Хеллбой кейіпкері 1993 жылы пайда болды және Dark Horse компаниясының көптеген комикстарында шығып жүрді. 2004 жылы Гильермо дель Тороның режиссерлік етуімен "Хеллбой"("Hellboy") фильмі шықты. Оның прокаттағы жолы сәтсіз болды - 66 млн долларлық бюджетпен небәрі 99 млн тапты. Дегенмен 2008 жылы "Хеллбой ІІ: Алтын әскер" ("Hellboy II: The Golden Army") деген жалғасы жарық көрді. Оны да табысты болды деп айту қиын - 85 млн долларға түсіріліп, 160 млн пайда әкелді. Үшінші бөлімге қатысты қауесеттер көп болды, бірақ ақыры жоба жабылып тынды. Екі фильмде де басты кейіпкерді Рон Перлман сомдайды.

Пікірлер