• Біздің парақшалар:

Жаңа "Қара киімділердің" трейлері шықты

"Қара киімділер: Интернэшнл" ("Men in Black International") фильмінің алғашқы трейлері жарияланды. Бұл "Қара киімділер" франшизасының әлде спин-оффы, әлде ремейк-ребуты. Нақтысы сол - бұнда мүлдем басқа актерлер ойнайды және оқиғалары да жаңа болады.

Жаңа нұсқада басты рөлдерде осыған дейін "Тор: Рагнарёк" кинокомиксінде бірге жұмыс істеген Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон ойнайды. Сондай-ақ актерлік құрамда Ребекка ФергюсонЛиам НисонЭмма ТомпсонКумэйл Нанджиани бар. Фильмді Ф. Гэри Грей ("Комптонның тура өзінен", "Форсаждың тағдыры") түсірді.

Ресми трейлер:

Жаңа "Қара киімділер" 2019 жылы мамырда шығады. Қазақстандағы прокаты маусымда жүруі тиіс.

Басты рөлдерде Уилл Смит пен Томми Ли Джонс ойнаған "Қара киімділер" франшизасы үш бөлімнен тұрады, олар 1997, 2002 және 2012 жылдары жарық көрді. Алғашқы бөлімі грим үшін "Оскар" алды.

Пікірлер