• Біздің парақшалар:

"Алтын глобус - 2019" жеңімпаздары анықталды (кино саласы)

Лос-Анджелесте 2019 жылы 6 қаңтарда 76 "Алтын глобус" сыйлығының марапаттау шарасы өтті. Салтанатты кешті актерлер Сандра О мен Энди Сэмберг жүргізді.

Номинацияларға көп іліккен - "Орынбасар" / "Vice" фильмі. Ол 6 номинацияда ұсынылды. Одан кейінгі орындарда 5 номинациясы бар: "Жұлдыз туды", "Фаворит" / "The Favourite", "Жасыл кітап" / "Green Book"; 4 номинациялы: "Қара нәсілді Ку-клукс-кландық", "Мэри Поппинстің оралуы"; 3 номинациясы бар: "Қара Пантера", "Егер Бил-стритке тіл бітсе" / "If Beale Street Could Talk", "Рома" / "Roma". "Богемия рапсодиясы", "Өте бай азиаттар", "Тазартылған бала" / "Boy Erased", "Мені кешіре аласыз ба?" / "Can You Ever Forgive Me?", "Жеке соғыс" / "A Private War", "Бірінші адам", "Иттер аралы" фильмдерінде екі номинациядан болды.

Кинематография саласындағы өмірлік жетістігі үшін Сесил Б. Де Милль атындағы құрмет сыйлығына Джефф Бриджес ие болды. 

Материалымыздың екінші бөлігінде телевидение саласындағы "Алтын глобус" иегерлерін хабарлаймыз.

Пікірлер