• Біздің парақшалар:

"Алтын глобус - 2019" жеңімпаздары анықталды (телевидение саласы)

Лос-Анджелесте 2019 жылы 6 қаңтарда 76 "Алтын глобус" сыйлығының марапаттау шарасы өтіп, телевизия саласындағы үздіктер де анықталды.

  • Үздік драма сериал: "Америкалықтар" / "The Americans"
  • Үздік мюзикл немесе комедия сериал: "Коминскидің әдісі" / "The Kominsky Method"
  • Үздік мини-сериал немесе телефильм: "Джанни Версаченің өлімі: Америкалық қылмыс оқиғасы" / "The Assassination of Gianni Versace: American Crime Story"
  • Драма сериалдағы үздік актер: Ричард Мэдден ("Оққағар" / "Bodyguard")
  • Драма сериалдағы үздік актриса: Сандра О ("Еваны өлтіру" / "Killing Eve")
  • Мюзикл немесе комедия сериалдағы үздік актер: Майкл Дуглас ("Коминскидің әдісі" / "The Kominsky Method")
  • Мюзикл немесе комедия сериалдағы үздік актриса: Рэйчел Броснахэн ("Таңғажайып миссис Мейзел" / "The Marvelous Mrs. Maisel")
  • Мини-сериалдағы немесе телефильмдегі үздік актер: Даррен Крисс ("Джанни Версаченің өлімі: Америкалық қылмыс оқиғасы" / "The Assassination of Gianni Versace: American Crime Story")
  • Мини-сериалдағы немесе телефильмдегі үздік актриса: Патриция Аркетт ("Даннемора түрмесінен қашу" / "Escape at Dannemora")
  • Сериалдағы, мини-сериалдағы немесе телефильмдегі екінші пландағы үздік актер: Бен Уишоу ("Өте ағылшынша дау-дамай" / "A Very English Scandal")
  • Сериалдағы, мини-сериалдағы немесе телефильмдегі екінші пландағы үздік актриса: Патриша Кларксон ("Өткір заттар" / "Sharp Objects")

Қосымша оқыңыз: "Алтын глобус - 2019" сыйлығының кино саласындағы иегерлері

Биыл телевидение саласындағы өмірлік жетістіктері үшін деген арнайы марапат алғаш рет берілді. Бұл награданың тұңғыш иегері - Кэрол Бёрнетт болып отыр. Кино саласындағы Сесил Б. Де Милль құрмет сыйлығына балама ретінде тағайындалған бұл марапат - оның алғашқы иегері Кэрол Бёрнетт атымен аталатын болды.

Еске сала кетейік биыл телевидение саласы бойынша "Алтын глобусқа" үміткерлер қатарында "Джанни Версаченің өлімі: Америкалық қылмыс оқиғасы" / "The Assassination of Gianni Versace: American Crime Story" номинация саны жағынан бәрінен озық тұрды. Ол 6 санат бойынша номинацияларға ілікті.

Пікірлер