• Біздің парақшалар:

"Хабар" телеарнасы "Келінжан" комедиясын көрсетеді

14 қаңтарда "Хабар" телеарнасында "Келінжан" комедиясының көрсетілімі басталады. Туынды ақ босағаны жаңа аттаған жас келіннің тағдыры жайлы болмақ.

Күләш апаның кенже ұлы үйіне келін кіргізеді. Жас келін Асылым ерке өскен, бұған дейін үй шаруасымен айналысып көрмеген. Ақ босағаны аттаған ол енесінің және екі абысынының көңілінен шығу қиынға соғатынын түсінеді.

Сериалдың бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова, басты рөл әнші Сара Амангелдиеваға тапсырылған. Сондай-ақ актерлер құрамында Дариға Бадықова, Лейло Бекназар-Ханинга, Нұргүл Мыңғатова, Өсербай Дәулет, Рүстем Жаныаманов.

"Келінжан" комедиялық телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 18.45-те «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Пікірлер