• Біздің парақшалар:

"Өрмекші-адам: Үйден алыста" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Marvel киноғаламына кіретін Өрмекші адам туралы екінші фильмнің алғашқы трейлері пайда болды. Тизер-трейлер "Spider-Man: Far From Home" деп аталады, қазақша мағынасы - "Өрмекші-адам: Үйден алыста".

Сюжет бойынша Питер Паркер сыныптастарымен бірге Еуропаға саяхатқа аттанады. Бірақ бұл жақта Қ.А.Л.Қ.А.Н. басшысы Ник Фьюриге Өрмекшінің көмегі қажет болады. Жаңа жау - табиғаттың күштерін басқара алатын Элементалдер. Питер Паркерге көмекке Мистерио есімді қаһарман көмекке келеді. Оны Джейк Джилленхол ойнайды. 

Ал негізгі актерлік құрамда өзгеріс жоқ. Режиссері де біріншісін түсірген - Джон Уоттс.

"Өрмекші-адам: Үйден алыста" 2019 жылы 4 шілдеде прокатқа шығады.

Ресми тизер-трейлер:

Пікірлер