• Біздің парақшалар:

"Джон Уик: 3 тарау" боевигінің алғашқы трейлері жарияланды

Lionsgate студиясы "Джон Уик: 3 тарау" / "John Wick: Chapter 3" боевигінің алғашқы трейлерін жариялады. Басты рөлдегі Киану Ривздің қатарына жаңадан Холли Берри мен Марк Дакаскос қосылды.

Екінші фильмде Джон Уик жендеттердің басты шартын бұзған болатын: "Континенталь" қонақүйінің аумағында кісі өлтіруге болмайды. Енді оның ізіне әлемнің ең мықты киллерлері түседі. Өйткені Джон Уикті өлтіру кез келген кәсіпқой үшін мәртебе әрі ірі ақшалай олжаға кенелуге болады.

Фильм премьерасы биыл 16 мамырда шығады.

Ресми трейлер:

Қосымша: Орысша дубляждалған трейлер

Пікірлер