• Біздің парақшалар:

"Qazaqstan" арнасы "Шырағым" теледрамасының көрсетілімін бастады

"Qazaqstan" арнасы 21 қаңтардан бастап "Шырағым" теледрамасының көрсетілімін бастады.

Сериалдағы басты кейіпкерлер – жастары 30-ға тақап қалған, өздері жетімдер үйінен шыққан Дарын, Ержан, Сәбит есімді үш жігіт. Үшеуі талай нәрсені бастарынан бірге өткізген. Бала кездерінде «жұбымыз мәңгі жазылмайды» деп, бір-біріне ант та берді, одан Айша есімді қызға үшеуі бірдей ғашық болып та көрді. Алайда, уақыт өте келе оларды біреулер асырап алады. Ержан ғана қалып қояды. Балалар ер жетеді, әрқайсысының өз өмірі бар. Бәрі бір қалада тұрса да, баяғы достықтарынан із қалмаған, бір-бірімен араласпайды. Әрі қарай да осылай кете беруі мүмкін еді. Алайда, аяқ астынан жетімдер үйіндегі құрбылары Айша келеді деген хабарды естіп, үшеуі оның үйінің алдына жиналады. 

"Шырағым" дүйсені-жұма аралығында сағат 21:50-де көрсетіледі. Қайталауы ертесіне 12:10-да.

Пікірлер