• Біздің парақшалар:

"Форсаж" киносериалының спин-офф бөлімінің трейлері шықты

Universal студиясы "Форсаж" киносериалының спин-оффы - "Форсаж ұсынады: Хоббс пен Шоу" ("Fast & Furious Presents: Hobbs & Shaw") фильмінің алғашқы трейлерін жариялады. Басты рөлдерде Дуэйн Джонсон мен Джейсон Стэтхэм ойнайды, сәйкесінше негізгі сюжет солардың кейіпкерлерінің төңірегінде өрбиді.

Арнайы агент пен халықаралық қылмыскер жаңадан пайда болған зұлымды тоқтату үшін бірігуге мәжбүр болады. Зұлымды Идрис Эльба ойнайды. Ал түпнұсқа фильмдер сериясындағы басты актерлерден ешбірі қатысқан жоқ.

Фильмді Дэвид Литч түсірді. Ол "Джон Уик", "Дэдпул 2" секілді режиссерлік жұмыстарымен белгілі. Спин-офф премьерасы 2019 жылы 1 тамызда прокатқа шығады.

Ресми трейлер:

Сондай-ақ фильмнің орысша дубляждалған трейлері бар.

Пікірлер