• Біздің парақшалар:

«Жалғыз жауқазын» сериалы шығады

«Хабар» арнасы алдағы аптада «Жалғыз жауқазын» деген драмасын эфирге шығарады. Басты рөлдерде ерлі-зайыптылар Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ойнайды.

Сюжетте дәулетті отбасының жалғыз мұрагері Айсұлу есімді бойжеткен туралы баяндалады. Айсұлу өзінің тойы қарсаңында ата-анасының қазасына сүйген жігіті кінәлі екенін естіп, АХАЖ бөлімінен қашып кетеді. Айдалада жылап келе жатқан ол талдардың арасынан тастанды нәрестені тауып алады.

12 бөлімді мелодрама 11 ақпаннан бастап көрсетіледі.

Пікірлер