• Біздің парақшалар:

«Qazaqstan» арнасы «Оралу» деген жаңа сериал көрсетеді

12 ақпаннан бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен «Оралу» атты жаңа телехикая көрсетіледі. 

Отандық жаңа туынды өмірдің ащы дәмін татып, көп қиындықтарды басынан кешірген Батыр есімді жас жігіттің өмірін суреттейді. 

Тепсе темір үзетін азаматтың өмірі бір-ақ күнде оқиғаға дейінгі және кейінгі болып екіге бөлініп шыға келеді. Әр бөлім сайын оны түрлі сынақтар күтіп тұрады. Бірақ, ол қанша қиналса да түзу жолдан айныған емес. 

Сериал мейірім мен кек, махаббат пен жек көру, достық пен сатқындық сияқты маңызды тақырыптарды көтереді. 

Пікірлер