• Біздің парақшалар:

"Берлинале 2019" жеңімпаздары белгілі болды

2019 жылы 7-17 ақпан аралығында 69 Берлин халықаралық кинофестивалі өтті. Қазылар алқасын француз актрисасы Жюльет Бинош басқарды. 

Биыл фестивалді дат режиссері Лоне Шерфигтің "Бейтаныстардың мейірімі" ("The Kindness of Strangers") фильмі ашып берді. Конкурсқа 16 кинокартина қатысып, үздік фильм үшін берілетін "Алтын аю" сыйлығын Израиль режиссері Надав Лапидтің "Синонимдер"("Synonymes") картинасы алды.

Биылғы жеңімпаздар:

  • "Алтын аю" - "Синонимдер" ("Synonymes"), Надав Лапид
  • Қазылар Гран-приі ("Күміс аю") - "Құдайдың рақымымен" ("By the Grace of God"), Франсуа Озон
  • Үздік режиссура үшін "Күміс аю" - "Мен үйде болдым, бірақ..." ("I Was at Home, But"), Ангела Шанелек
  • Үздік сценарий үшін "Күміс аю" - "Пираньялар" ("Piranhas")
  • Үздік әйел рөлі үшін "Күміс аю" - Юн Мэй, "Баяғыда еді ғой, ұлым" ("So Long, My Son")
  • Үздік еркек рөлі үшін "Күміс аю" - Ван Цзинчунь, "Баяғыда еді ғой, ұлым" ("So Long, My Son")
  • Альфред Бауэр атындағы сыйлық (Жаңа перспектива ашатын фильм үшін "Күміс аю") - "Жүйені бұзушы" ("System Crasher")
  • Кино өнері саласындағы көрнекті жетістігі үшін "Күміс аю" - Расмус Видебак, "Жылқы ұрлығы" ("Out Stealing Horses") фильмінің операторы.

2019 жыл - Берлиналені 18 жыл басқарған директор Дитер Коссликтің соңғы фестивалі. Сондай-ақ биыл "Панорама" секциясы 40 жылдығын атап өтті.

Пікірлер