• Біздің парақшалар:

"Алтын таңқурай 2019" иегерлері белгілі болды

2018 жылдың кинематографиясындағы күмәнді жетістіктер үшін берілетін "Алтын таңқурай" антисыйлығының иегерлері белгілі болды. 39 марапаттау шарасы әдеттегідей "Оскар" салтанатты кешінен бір күн бұрын жарияланды.

"Алтын таңқурай" 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. Антисыйлық иегерлерін "Алтын таңқурай" қорының 800 мүшесі және Rotten Tomatoes кинорецензиялар сайтының 80 мыңдай қолданушысы дауыс беру арқылы таңдайды.

Әдетте бұл антисыйлықтың иегерлерін "Оскар" марапаттау шарасына 1 күн қалғанда жариялайды.

Пікірлер