• Біздің парақшалар:

"Тақтар ойыны" сериалының 8 маусымының трейлері шықты

"Тақтар ойыны" сериалының 8 маусымының ресми трейлері жарияланды. Бұл телевидение тарихындағы ең ауқымды сериалдың ақырғы бөлігі болады.

Роликте Дейенерис Таргариен мен Джон Сноудың күш біріктіріп, қалың әскер жинағанын көруге болады. Олардың негізгі шайқасы - солтүстіктен келе жатқан ақ кезбелерге қарсы бағытталмақ. Екеудің біріккен әскерінің құрамынан екі айдаһарды да көруге болады. Кадрда, сондай-ақ, өзге де негізгі кейіпкерлер пайда болады. 

Сегізінші маусым 14 сәуірден бастап эфирге шығады. Ол алты сериядан тұрады. Алғашқы екі эпизоды бір сағаттан, қалғандары 80 минуттан болады деген ақпар бар.

Ресми трейлер:

Орысша дубляждалған трейлері де бар.

Пікірлер