• Біздің парақшалар:

"Qazaqstan" арнасы "Топыраққа тамған тер" сериалын көрсетеді

Осы аптада "Qazaqstan" және "Хабар" телеарналары жаңа сериалдарын эфирге шығарады.

Ұлттық арнада 13 наурыздан бастап «Топыраққа тамған тер» телехикаясы көрерменге жол тартады.

Сериал бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбына құрылған. Туындыда еңбек, туған жер, алтын бесік – ауыл өмірі тереңдей көрініс тапқан. Оған қоса, еңбегімен жер еміп, тұнық терімен туған жеріне үлес қосып, азаматтық ұстанымымен ауылын ардақтауды өмірлік парызы санаған қазіргі жас буынның, жаңа санадағы ұрпақтың ерік-жігері айшықталған. 

Телетуынды эфирге 13 наурыздан бастап дүйсенбі-жұма күндері 21:50-де шығады. 

Ал «Хабар» арнасында көрсетілгелі жатқан жоба былтырғы «Өз үйім» жобасының жалғасы. Жаңа маусымда Жұлдызбаевтар отбасына жаңадан Танымаловтар отбасы қосылады.

Таныстығы бәсекелестікке ұласқан екі отбасының отағасы кімнің берген тәрбиесі жақсы екенін өзара шеше алмай дал болса, аналары үй шаруасында кімнің пысық екенін көрсеткісі келеді. Ал балалардың хикаясы мүлдем бөлек.

Өмірде де, өнерде де жұптары жарасқан Нұржан мен Гүлшат Тутовтар, Бауыржан Сатов және Альбина Шардарова сынды танымал жұлдыздар, сондай-ақ Ziruza мен Еркеш Хасен «Өз үйім 2» телехикаясында басты рөлдерді сомдайды.

Пікірлер