• Біздің парақшалар:

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмінің премьера күні белгілі болды

2019 жылғы 21 наурыз күні жалпыұлттық прокатқа «Қазақ хандығы» сериалының кинонұсқасы – «Қазақ хандығы. Алтын тақ» шығады. 

Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдіраш. Аталған ауқымды жобаның екінші маусымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Centaurus Rustem Abdrashev production» ЖШС-нің қатысуымен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Фильмдегі оқиға XV ғасырдың ортасында өрбиді. Шыңғыс хан мен Әмір Темір империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыс бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі - Дешті қыпшақ жұртының жаппай наразылығын тудырды. 1465 жылы, – Керей мен Жәнібек сұлтандар Көк Орда билеушісі Әбілқайыр Шайбаниге наразы көшпелі тайпаларды бір тудың астына жиып, Жетісу өлкесінде – «Қазақ Хандығын» құрды. Алайда, Жас ұлысты жөргегінде тұншықтырғысы келген Әбілқайыр хан, ата жауы Керей мен Жәнібекке қарсы жойқын жорыққа аттанды. Алда ұлы майдан күтіп тұрған еді. Ал Керей хан мен Жәнібек сұлтанның басты мақсаты – Сығанақтағы алтын тақты қайтарып алу болатын… 

Тарихи кинодилогия Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының бірінші романы бойынша түсірілген.

Пікірлер