• Біздің парақшалар:

Disney студиясының қазақша аударылған фильмдерінің трейлерлері шықты

"Болашақ" корпоративтік қоры Disney студиясының 2019 жылы қазақ тіліне дубляждалып шығатын фильмдерінің қазақша трейлерлерін жариялады. Қордың Youtube арнасында барлығы 4 ролик шықты.

Жарық көретін жобалардың алғашқысы - Тим Бертонның "Дамбо" ("Dumbo") отбасылық фэнтезиі. 1941 жылғы анимациялық туындының көркем кино форматындағы ремейкі циркте туған құлағы үлкен пілдің хикаясын баяндайды. Фильм премьерасы 28 наурызда.

Одан кейін 12 мамырда "Аладдинкиноертегісі шығады. Фильмді режиссер Гай Ричи түсірді.

Мюзикл элементтері бар отбасылық картинада Мена Массуд, Наоми СкоттБилли Магнуссен сияқты аса таныла қоймаған актерлер ойнаса, ал майшам ішіндегі жын рөлінде Уилл Смитті көреміз.

"Арыстан патша" - 1994 жылғы аттас мульфильмнің көркем кино форматындағы ремейкі. Джон Фавро түсірген филльм 19 шілдеде жарық көреді.

"Мұзды өлке 2" - 2017 жылғы анимациялық мюзиклдің жалғасы. Премьерасы 28 қарашада.

Қазақша шығатын бесінші жоба - "Ойыншықтар хикаясы 4" мультфильмінің ролигі әзірге жарияланған жоқ. Бұл анимациялық картина 20 маусымды шығады деп жоспарланған.

Пікірлер