• Біздің парақшалар:

Квентин Тарантиноның "Бірде Голливудта" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Квентин Тарантиноның "Бірде Голливудта" ("Once Upon a Time in Hollywood") фильмінің алғашқы тизер-трейлері жарияланды.

Фильм оқиғасы 1960 жылдары болады. Өмірде болған оқиғаға негізделген сюжетте екі кейіпкер кинода жетістікке жетуге талпынып жүреді. Екеуінің хикаясы Чарльз Мэнсон бастаған топтың қатыгездікпен кісі өлтіру оқиғаларының фонында өрбиді. Бұл банда режиссер Роман Поланскидің әйелі, актриса Шэрон Тейтті және оның қонақтарын қатыгездікпен өлтірген болатын. 

Басты рөлдерде Брэд Питт, Леонардо ДиКаприоКурт РасселМарго РоббиАль ПачиноДакота ФаннингТимоти Олифант, т.б. актерлер ойнайды. 

Тарантиноның тоғызыншы толықметраж картинасы 2019 жылы тамызда шығады.

Ресми тизер-трейлер

Орысша дубляждалған трейлер

Пікірлер