• Біздің парақшалар:

Джокердің Хоакин Феникс ойнаған нұсқасының трейлері шықты

Warner Bros. студиясы "Джокер" ("Joker") фильмінің алғашқы тизер-трейлерін жариялады.

DC комикстары негізінде жасалған фильмнің режиссері - Тодд Филлипс ("Бас жазу"). Сюжетте Артур Флек есімді комедианттың неліктен Джокер деген суперзұлымға айналғаны көрсетілмек.

Жобаны ірі бюджетті деп айтуға болмайды. Өндірісіне 50 млн доллар жұмсалды деп айтылуда. Басты рөлдерде Хоакин ФениксРоберт Де НироЗази Битц

Айта кетелік, Fandango порталының нұсқасы бойынша "Джокер" 2019 жылдың ең көп күтілетін киножобаларының үздік ондығына кірді.

Картинаның премьерасы 2019 жылы қазанға жоспарланған.

Ресми тизер-трейлер:

Орысша дубляждалған трейлер

Пікірлер