• Біздің парақшалар:

Х "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалінің бағдарламасы

2019 жылы 11 сәуірде Алматыда «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалінің ашылуы болады. Фестивальдің ашылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдер «Арман» киноорталығында өтеді.

Оныншы рет өткелі отырған фестивалдің биылғы бағдарламасына кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны,мелодраманы, тарихи киноны және «Қысқа метр» бағдарламасын қамтиды. 

Фестиваль бағдарламасы: 

11 сәуір, «Сирано. Тұсаукесерге дейін үлгеру» (Edmond(биографялық-тарихи)

Режиссер: Алекси Мишалик. Рөлдерде: Тома Соливерес, Оливье Гурме, Матильда Сенье, Том Лееб, Люси Бужена, Алис де Ленксен. 

12 сәуір, «Аманданың жаңа өмірі» (Аmanda(мелодрама)

Режиссер: Микаэль Эрс. Рөлдерде: Венсан Лакост, Изор Мюлтье, Стэйси Мартин, Офелия Кольб, Мариан Балер. 

12 сәуір, «Нәзік заң өкілі» (En liberte!(комедия)

Режиссер: Пьер Сальвадори. Рөлдерде: Адель Энель, Пио Мармай, Венсан Эльбаз, Дамьен Боннар, Одри Тоту. 

13 сәуір, «Франциядағы кеңестік киноның тарихы: 1917-1991» дәрісі 

13 сәуір, «Таңсәрідегі уәде» (La Promesse de l’aube(драма)

Режиссер: Эрик Барбье. Рөлдерде: Шарлотта Генсбур, Пьер Нине, Дидье Бурдон, Жан-Пьер Даруссен. 

13 сәуір, «Адал жан» (L’Homme fidele(мелодрама)

Режиссер: Луи Гаррель. Рөлдерде: Луи Гаррель, Летиция Каста, Лили-Роз Депп, Жозеф Анжель. 

14 сәуір, Қысқа метр. 

14 сәуір, «Казанованың соңғы махаббаты» (Dernier amour(мелодрама)

Режиссер: Бенуа Жако. Рөлдерде: Венсан Лендон, Стейси Мартин, Валерия Голино, Жюлия Руа, Нэнси Тейт. 

Билеттерді https://arman3d.kz және https://ticketon.kz сайттарынан алуға болады.

Пікірлер