• Біздің парақшалар:

"Арыстан патша" фильмінің толыққанды трейлері жарияланды

Walt Disney студиясы "Арыстан патша" ("The Lion King") фильмінің толыққанды трейлерін жариялады. Осыған дейін тизер-трейлері шыққан болатын.

Жаңа роликте антагонист Тыртық, көңілді жұп - сурикат Тимон мен доңыз Пумба, патша Муфаса көрсетіледі. 

Фильмнің премьерасы 18 шілдеге белгіленген. Оның режиссері - осыған дейін "Джунгли кітабын" түсірген Джон Фавро.

Бұл картина 1994 жылғы мультфильмнің ремейкі. Түпнұсқа туынды екі "Оскар", үш "Алтын глобус" және үш "Грэмми" алды. 2002 жылы IMAX форматпен, араға тоғыз жыл салып IMAX 3D форматпен қайта прокатта көрсетілді.

Ресми трейлері:

Орысша дубляждалған трейлері

Еске салайық, "Арыстан патша" биыл қазақ тіліне дубляждалып шығатын туындылардың бірі. Фильмнің қазақша тизер-трейлері осыған дейін жарияланды.

Пікірлер