• Біздің парақшалар:

"Жұлдызды соғыстар: IX эпизод": алғашқы трейлер

"Жұлдызды соғыстар" ("Star Wars") кинодастанының тоғызыншы эпизодының алғашқы тизер-трейлері жарияланды. Ролик Чикагода өткен Star Wars Celebration шарасында таныстырылды.

Тоғызыншы эпизодтың атауы - "The Rise of Skywalker" деп аталады, қазақша "Скайуокердің өрлеуі" деген мағына береді. Бұл жаңа трилогияның соңғы бөлімі. Трилогияға кіретін екі эпизод 2015 және 2017 жылдары жарық көрді.

Тизер-трейлерде Рей, Кайло Рен, Лея ханшайым секілді басты кейіпкерлерді көруге болады.

Фильмге Джей Джей Абрамс режиссер болды. Бұл оның осы франшизадағы алғашқы жұмысы емес. Ол осыған дейін "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" деп аталған жетінші эпизодты түсірген еді. 

Сондай-ақ "Жұлдызды соғыстар" ғаламы телевизиялық форматта да өрбітіледі. Қазір көп бөлімді спин-оффтың өндірісі жүріп жатыр.

Тоғызыншы бөлімнің әлемдік премьерасы 2019 жылы 19 желтоқсанға жоспарланған.

Алғашқы тизер-трейлер:

Орысша дубляждалған трейлер

Пікірлер